jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қираған жолдар, жанармай құю станциясындағы жарылыс: Арменияда қатты су тасқыны болды (видео)

    Армениядағы су тасқыны
    Армениядағы су тасқыны. Фото: t.me/rian_ru

    Арменияның солтүстігінде қатты жауған жаңбыр салдарынан Дебед өзені арнасынан асты. Аймақта көпірлер мен жолдар қирап, қазірдің өзінде 200-ден астам адам эвакуацияланды. Кем дегенде бір адам қайтыс болғаны хабарланды.

    Sputnik Армения басылымының елдегі жол департаментіне сілтеме жасап жазуынша, 26 мамырда Дебед өзені арнасынан асып, М-6 мемлекетаралық тас жолын басып қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары су тасқыны және эвакуациялауды қажет ететін адамдар бар екені туралы хабарлай бастады.

    Куәгерлердің айтуынша, Санахин теміржол вокзалындағы үйлер су астында қалып, адамдар бірінші қабаттарда бөгеліп қалған.

    Арменияның Лори облысындағы Шног және Тегут ауылдары арасындағы жолдың учаскесінде Opel көлігі өзенге құлағаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қайтыс болған.

    РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ванадзор-Алаверди жолының 31 км бөлігін су басып, 50 метр тас жол қирап, Айрум станциясындағы үйлерді су басқан. Қауіпті аймақтардан 232 азамат эвакуацияланған.

    Сонымен қатар ақпарат агенттігінің жазуынша, құтқарушылар су тасқынынан зардап шеккен Алаверди қаласында жанармай құю станциясында жарылыс болғанын хабарлады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс компрессорлар су астында болғандықтан қысқа тұйықталу салдарынан болған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинянның тікұшағы ауа райының қолайсыздығынан Ванадзор қаласына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болған.

    Қираған жолдар, жанармай құю станциясындағы жарылыс: Арменияда қатты су тасқыны болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.