jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда көлік жуу орталығына үлкен ағаш құлап, көлікті басып қалды (видео)

    Алматыда көлік жуу орынына ағаш құлады
    Алматыда көлік жуу орынына ағаш құлады. Видеодан кадр: instagram/100baksoff_original

    Желіде Алматыда көлік жуу орнына алып ағаш құлап, көлікті басып қалғаны түсірілген видео тарап жатыр. Қалалық әкімдік өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram-дағы 100baksoff_original парақшасында жарияланған. Кадр сыртында оқиғаның Алматыдағы Сүйінбай көшесіндегі көлік жуу орнында болғаны айтылған.

    Кадрларда көлік жуу орнына үлкен ағаш құлап, ғимарат ішіндегі көлікті басып қалғанын көруге болады

    "Алдын ала мәлімет бойынша, ағаштың құлауы көлік жуу орнының иелеріне де, көлік иесіне де айтарлықтай материалдық шығын болған. Ағаш кейінгі ауа райы салдарынан құлаған болуы мүмкін", - делінген видеодағы жазбада.

    Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты видеоға байланысты пікір білдірді. Оқиға бір күн бұрын, 8 шілдеде Сүйінбай даңғылы, 54/1 мекенжайында болғаны хабарланды.

    "Жаңбыр мен қатты желдің салдарынан жекеменшік ұйымның іргелес аумағынан ағаш (терек) құлады.

    Өтемақы алу үшін 102 нөміріне хабарласып, осы деректі тіркегеннен кейін іргелес жатқан жеке аумақтағы ұйымның иесіне байланысты сотқа жүгіну қажет", - деп хабарлады әкімдіктегілер KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

    Алматыда көлік жуу орталығына үлкен ағаш құлап, көлікті басып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.