jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада сауда үйі өртенді (видео)

    Астанадағы сауда үйіндегі өрт
    Астанадағы сауда үйіндегі өрт. Фото: ТЖМ

    Астанада дәл осы сәтте өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы сауда үйлерінің бірінің аумағында шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты "Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

    "Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

    ТЖМ-нің кейінгі берген мәліметі бойынша, өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метрде алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

    Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

    Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

    Астанада сауда үйі өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.