jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Дауыл соғып, бұршақ жауды: елордада қолайсыз ауа райы астаналықтарды шошытты (фото, видео)

    Найзағай. Фото
    Найзағай. Фото: @myastanacity

    Астанада қолайсыз ауа райы елорда тұрғындарын шошытты. Қалада дауыл соғып, жаңбыр мен бұршақ жауып тұрғаны бейнеленген видеолар желіде таратып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елорда тұрғындары бүгін кешкісін Астанадағы қолайсыз ауа райы бейнеленген видеоларды желіде бөлісуде. Кадрлардан бүкіл аспанды қара бұлт басып, желдің қатты жылдамдықпен соққанын көруге болады.

    "Жарты сағат бұрын ғана күн ыстық болған еді, ал енді дауыл тұрды", "30 минут бұрын ыстықтан қиналып тұр едім, ал енді...", "Астана Алматыға айналып барады", "Фильмдегі хоррорға ұқсап тұр", - деп әзілдеді желі қолданушылары.

    Желідегі фотолардан Абу-Даби Плаза ғимаратының үстіне найзағай түскенін де көруге болады.

    Енді бір астаналық қоғамдық көліктің салонына кірген жаңбыр суының видеосын жариялаған.

    Кейбір қолданушылар Астанадағы ғимараттың бірінің қасбетін ұшырып дауыл ұшырып әкеткенін айтуда.

    Астаналық Карина Горунованың айтуынша, елорда тұрғындары апта бойы аптап ыстықтан қажыған және мұндай ауа райын күтпеген.

    "Дауыл басылды, бірақ найзағайдың жарығы бүкіл пәтердің ішіне түсті. Мұндай құбылыстың болмағанына біраз болды", - деді ол.

    Дауыл соғып, бұршақ жауды: елордада қолайсыз ауа райы астаналықтарды шошытты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.