jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұзда көмір кенішінде 24 жұмысшы мінген автобус аударылды

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Екібастұзда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 24 қызметкері мінген автобус шұңқырға сырғып кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында "ПАЗ" маркалы автобусты басқарған жүргізуші рульді басқара алмай қалып, топырақты шұңқырға сырғып кеткен.

    "Автобустың ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 24 қызметкері болған. Оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ, зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі.

    Еске салсақ, 2024 жылғы қаңтарда Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында автобу шұңқырға құлап кетті. Оның ішнде "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС үш құтқарушысы мен бір жүргізушісі болған.

    Қаңтар айында шұңқырдан екі құтқарушының денесі жер бетіне шығарылды. Сондай-ақ үшінші құтқарушы мен автобус жүргізушісін іздеу жалғасып, кейін тоқтатылды.

    19 шілдеде 70 метр тереңдіктен құтқарушының денесі табылды.

    Ал 25 шілдеде шұңқыр аумағынан құлаған автобус табылған. Әкімдік өкілдері көлік құралының алдыңғы бөлігіне бару мүмкін болғанын, бампері мен дөңгелегі көрінгенін хабарлады. Сол күні жоғалған төртінші адамның денесі 75 метр тереңдіктен табылды.

    Екібастұзда көмір кенішінде 24 жұмысшы мінген автобус аударылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.