jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Көлік газ құбырына соғылған: Алматыда жол апатынан кейін 600-ден астам үй газсыз қалды

    Алматыдағы жол апаты
    Алматыдағы жол апаты. Фото: "QazaqGaz Aimaq" АҚ

    Алматының жоғарғы жағындағы жол апатынан газ құбыры бұзылып, 600-ден астам жеке үй газсыз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QazaqGaz Aimaq компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін Алматыда Оспанов көшесі мен Достық даңғылының қиылысында LiXiang және Subaru көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан газ құбырының тірегі зақымдалған.

    Апат салдары туралы QazaqGaz Aimaq баспасөз қызметі мәлім етті.

    "Көшедегі орта қысымды газ құбырымен байланысқан жердегі арка тәріздес бөлік жұлынып кетті. Көшедегі орташа қысымды газ құбырының астындағы тіреу бұзылды. Осы орайда жабу клапандары бітеліп, қорғасынмен тығыздалды", - делінген хабарламада.

    Компания өкілдернің сөзінше, 642 жеке тұрғын үй, 2 көпқабатты үй (40 пәтер), 4 жеке кәсіпорын газсыз қалды.

    "Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, бүгін аяқталады деп жоспарланды. Газ беру қалпына келтіріледі", - деді мамандар.

    Көлік газ құбырына соғылған: Алматыда жол апатынан кейін 600-ден астам үй газсыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.