jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанадағы сауда орталықтарының бірінде эскалаторда үш бала зардап шекті

    Эскалатор.
    Эскалатор. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалатордың ақауы салдарынан үш бала зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ОКҚ-да өткен брифингінде елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев балалар неден жарақаттанғанын айтты.

    "Сауда орталықтарының бірінде екі күннің ішінде үш бала бірдей жарақат алды", - деді Ағабек Чикинаев.

    Оның сөзінше, жарақат алғандар – екі мен үш жас аралығында балалар.

    "Олардың саусақтары өте кішкентай, қадағалаушы орган келіп тексергенде, балалардың саусақтарын қысып, жарақаттаған эскалатордың тістектері сынғаны анықталды", - деді спикер.

    Еске сала кетейік, осыған ұсқас оқыс оқиға наурыз айында Ақтау сауда орталықтарының бірінде болған – жеті жасар қыз саусағынан айырылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.