jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кешенінің қасбеті өртке оранды (видео)

    Ақтаудағы қасбеті өртенген тұрғын үй
    Ақтаудағы қасбеті өртенген тұрғын үй. Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

    Ақтау әкімдігі өкілдері құрылыс компаниясы 10 қабатты тұрғын үй кешенінің өртенген қасбетін қалпына келтіріп, жөндеу бойынша барлық шығындарды өтейтінін мәлім етті. Кала әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындарға келтірілген шығын есептелетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

    Әкімдік мәліметінше, Ақтауда 29 тамызда сағат 06:02 шамасында 10 қабатты тұрғын үй кешені өртке оранды. Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған.

    "Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов жауаптыларға құрылыс нысандарында сапалы материалдардың қолданылуын қадағалауды және өрттің алдын алу шараларын жүргізуді тапсырды", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов оқиға болған жерге барып, тұрғындармен кездесті. Шаһар басшысы мамандарға қала бойынша өрт шығу қаупі бар тұрғын үйлерді тексеріп, өрттің алдын алу шараларын жүрізуді тапсырды.

    "Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама жүргізіледі. Өрттің орын алу жағдайлары анықталады. Тұрғындарға келтірілген шығындар да есептеледі. Сол шығындардың барлығын және тұрғын үйдің қасбетін тиісті құрылыс компаниясы өтеп беретін болады.

    Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанып отыр. Мамандарға қала бойынша өрт шығу қаупі бар тұрғын үйлерді тексеріп, өрттің алдын алу шараларын жүрізуді тапсырамын. Төтенше жағдай басқармасына, құрылыс компаниясына және Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына құрылыс нысандарында сапалы материалдардың қолданылуын қатаң қадағалау бойынша тапсырма берілді", - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

    Ал ТЖМ ақпаратынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін 60 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланған. Сондай-ақ министрлік зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.