jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-дағы шахтада төрт адам қаза тапты: марқұмдардың аты-жөні белгілі болды

    Кеніш
    Кеншілер. Көрнекі фото: Shiraaz Mohamed/AFP/Getty Images

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

    Министрлік мәліметінше, комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады. Оның құрамына ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.

    "Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарда.

    Айта кетсек, қайғылы жағдай 31 тамызда сағат 16:25-те болды. "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмыскердің денесі табылды.

    Министрлік қаза тапқандар тізімін жариялады.

    "Востокцветмет" ЖШС екі қызметкері:

    • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 жылы туған;
    • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 жылы туған.

    "Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

    • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 жылы туған;
    • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 жылы туған.

    "Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды. Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады", - делінген хабарда.

    ШҚО-дағы шахтада төрт адам қаза тапты: марқұмдардың аты-жөні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.