jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Миы шайқалған": Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде әйелдің басына плитка құлап кетті (фото)

    Астанада үйдің подъезіндегі қасбет құлады
    Астанада үйдің подъезіндегі қасбет құлады. Фото: t.me/astanovka98

    Желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйелдің басына плитка құлағаны көрсетілген кадрлар пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Кадрлар Instagram-дағы astanovka98 парақшасында жарияланды. Жазбада оқиға Астанадағы тұрғын үй кешенінің подъездерінің біріндегі лифт сыртындағы плитка опырылып түскені айтылған.

    Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды.

    "27 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туған әйелді жеткізді. Салалық дәрігерлер тексергеннен кейін миы шайқалғаны (жұмсақ тіндердің көгеруі) белгілі болып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа, тұрақты", - делінген ведомство хабарламасында.

    Астана полиция департаменті бұл фактіге әзірге түсініктеме берген жоқ.

    "Миы шайқалған": Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде әйелдің басына плитка құлап кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.