jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды (видео)

    ТЖ болған жер
    ТЖ болған жер. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Астананың Алматы ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды - алты адам зардап шекті деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды.

    Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

    Төтенше жағдай министрлігі күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

    Оқиға орнында Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде.

    Еске салсақ, Алматыда екі қабатты кафе өртенгені туралы хабарлаған едік.

    Оқиға орнынан 3 газ баллон эвакуацияланды.

    ТЖМ ақпаратынша, екі қабатты кафе өртке оранған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Алматы ТЖД өкілдері 21:17-де өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.

    Астанадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.