Таразда мейрамхана өртенді: 90-ға жуық адам эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:

Жұмада, 4 қазанда Тараз қаласындағы мейрамханада өрт шықты, құтқарушылар ғимараттан 90-ға жуық адамды эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 17:45-те бір қабатты "Думан-Шырын" мейрамханасының асханасындағы шатырда өрт шыққан. Өрттің аумағы 30 шаршы метр болған.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, 86 адам эвакуацияланды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Сағат 18:18-де өрт оқшауланып, 18:23-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 35 өртсөндіруші және 9 техника жұмылдырылған, сондай-ақ апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер мен 1 техника жұмысқа тартылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2170105-tarazda-meiramhana-ortendi-90-ga-zhuyq-adam-evakuatsiialandy-video/