jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстауда қоқиқаздардың өлексесі табылды (фото)

    Қоқиқаздар
    Қоқиқаздар. Көрнекі сурет: lada.kz

    Қазақстандық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында қоқиқаздардың өлексесі түсірілген суреттерді жариялады. Экологтар құстар өлімінің ықтимал себебін атады.

    "Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың өлекселерін Қаламқас пен Қаражанбас арасындағы далада тапты", - деп жазды блогер.

    Ол Экология министрлігінен құстардың өлімінің себебін анықтап, оларды кім өлтіргенін тексеруді сұрады.

    Lada.kz тілшісіне берген сұхбатында Азамат Сәрсенбаев өлекселерді жергілікті тұрғындар Қаламқас пен Қаражанбас арасындағы далада тапқанын айтты. Барлығы шамамен 5 құс табылған. Барлығының өлексесі жұлынған, тұрғындар мұны жабайы жануарлардан көрді.

    Маңғыстау облысының экологы Кирилл Осин журналистермен әңгіме барысында болған жағдайдың өз нұсқасын ұсынды.

    "Бәлкім бұл құстар ұшып кете алмаған. Жалпы бұл құбылыс әдеттегі жағдай, әдетте жас құстарға қатысты болады. Кейде оларға күш, азық жетіспейді, сол себепті олар өледі. Мұнда да табиғи сұрыпталудың мысалы болуы мүмкін. Ал олардың өлекселері жұлынғаны – бұл, ең алдымен, олар өлгеннен кейін жыртқыштардың "қызығушылық" танытуы", - деді "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ директоры Кирилл Осин.

    Сонымен қатар Zakon.kz басылымына Экология министрлігі бұл аймақтарда құстардың жаппай қырылуы тіркелмегенін хабарлады – инспекторлар үнемі көл жағалауын тексеріп отырады екен.

    "Миграция кезеңінде, оның ішінде қоқиқаздар арасында әлсіреген құстардың өлімі жиі кездеседі", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    Маңғыстауда қоқиқаздардың өлексесі табылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.