jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Аяғына айыр кірген: Қызылордадағы баланы құтқару сәтінің видеосы пайда болды

    Құтқару сәті
    Құтқару сәті. Видеодан кадр: telegram.org/qr_tjm

    Қызылордада 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айыр кіріп кеткен. Құтқарушылар балаға көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған.

    "Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.

    Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте екі жасар бала басына "горшок" киіп шеше алмай қалғанын хабарлаған болатынбыз.

    Содан кейін ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларын шақыруға тура келген. Мамандар аспалы құралдардың көмегімен баланың басынан "горшокты" абайлап шешіп алған.

    Аяғына айыр кірген: Қызылордадағы баланы құтқару сәтінің видеосы пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.