jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы жатақханадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты

    аурухана
    Аурухана палатасы. Көрнекі фото: Iri-s / Getty Images

    Бүгін таңертең елордалық жатақханалардың бірінде өрт шықты. Иіс тиген бес адам ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайын Астана денсаулық сақтау басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

    "15 қазанда өрттің салдарынан жедел медициналық жәрдем қызметі көмірқышқыл газымен уланған 5 адамды №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.

    Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Тағы біреуі амбулаторлық бақылауға жіберілді. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ", - делінген жауапта.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада жатақханалардың бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік.

    Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде шатыр мен төртінші қабаттағы бөлмелер жанып жатқан. Төтенше жағдайлар министрлігі күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарқған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

    Астанадағы жатақханадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.