Оқыс оқиға

Зектілері

Қарағанды ​облысында 16 тонна шөп өртеніп кетті

Жарияланған күні:

Шөп
Шөп. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысының Осакаров ауданында өрт шығып, салдарынан 100 шаршы метр аумақта 16 тонна шөп жанып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 15 қазанда сағат 06.22-де Садовое ауылында Индустриальная көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйдің ауласында 100 шаршы метр алаңда жалпы салмағы 16 тонна шөп өртенді.

"Өрт 10.58-де жойылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Еске салсақ, Түркістан облысы Төле би ауданының Біркөлік ауылында жеке тұрғын үй аумағында өрт шығып, 15 тонна шөп өртеніп кеткенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада жиналған шөп жанған еді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2175134-qaragandy-oblysynda-16-tonna-shop-ortenip-ketti/