jitsu gif

    Алматы орталығында мейрамхана өртенді (видео)

    Алматыда мейрамхана өртенді
    Алматыда мейрамхана өртенді. Видеодан кадр: ТЖМ

    Алматыда 18 қазан, жұма күні кешкі уақытта мейрамханада өрт шықты. Мейрамхана қонақтары эвакуацияланды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, 18 қазанда сағат 21:50-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Медеу ауданы, Төлебаева көшесіндегі 38 а мекенжайындағы өртті сөндіруге барды.

    Екі қабатты мейрамханасының шатыры отқа оранғаны анықталды.

    "Мейрамхана қонақтары ғимараттан шығып үлгерді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖД орнында 27 құтқарушы және 8 техника жұмылдыруда", - делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің сағат 23:33-те жариялаған мәліметі бойынша өрт 250 шаршы метр алаңда оқшауланды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.