jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ресейде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады (фото, видео)

    Жеңіл моторлы ұшақ
    Жеңіл моторлы ұшақ. Фото: Ресей ТЖМ

    Ресейдің Ставрополь облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Қуанышқа орай, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері аман қалған, деп хабарлайды Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құтқарушылардың айтуынша, ұшақта тоғыз адам, оның ішінде 8 жасар бала болған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді.

    Қаза тапқандар жоқ.

    Оқиға орнында Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 11 маманы мен бес техникасы жұмыс істеп жатыр.

    Еске салсақ, тамызда Ресейдің Иркутск облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшқыштардың бірі қаза тапты, қалған экипаж мүшелері зардап шеккен еді.

    Сонымен қатар Бразилияның Сан-Паулу қаласында Linhas Aéreas әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын үйлердің үстіне құлаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.