jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада ер адам эскалатордан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды (видео)

    Эскалатор
    Эскалатор. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде елордадағы сауда орталықтарының бірінде түсірілген видео жарияланды. Видеодан экскалатордың таянышынан ұстап, салбырап тұрған баланы көруге болады. Баланы бір ер адам құтқарып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram-дағы Zhaloby.astana парақшасында жарияланды. Куәгер түсіріп алған видеодан баланың экскалатор таянышынан ұстап, салбырап тұрғанын көруге болады. Бала экскалатордың сырт жағынан ұстап тұрандықтан, әп-сәтте құлап кетуі мүмкін еді.

    Видеодан балаға қарай әйел адамның көмекке жүгіргенін байқауға болады, бірақ әйел балаға жетіп үлгергенше бір ер адам эскалатормен жүгіріп шығып, баланы көтеріп алады.

    "Ата-аналар, экскалаторда балаларыңызға қараңыздар. Абырой болғанда, ер адам жедел әрекет етті!" - делінген жазбада.

    Еске салсақ, тамыздың аяғында елордадағы сауда орталықтарының бірінде екі күннің ішінде 2-3 жас аралығындағы үш бала бірдей жарақат алған болатын. Олардың саусағы эскалаторға қысылып қалған.

    Наурызда Ақтаудағы сауда орталықтарының бірінде де оқыс жағдай болды – жеті жасар қыз саусағынан жарақат алды.

    Астанада ер адам эскалатордан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.