jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 150-ден асты: кейбірі көлікте қалып қалған

    Испаниядағы су тасқынынан кейінгі үйіліп жатқан көліктер
    Валенсиядағы су тасқынының салдары. Фото: David Ramos/Getty Images

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, Испаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты. Табиғи апат құрбандарын анықтау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды NBC News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның ақпаратынша, нөсер салдарынан болған су тасқыны Испанияның шығысы мен оңтүстігінде кемі 155 адамның өмірін қиды.

    Оған қоса, табиғи апаттың кейбір құрбандары көліктерде қалып қойғаны анықталды. Бұған дейін желіде су тасқынынан зақымданған көліктер бейнеленген суреттер тарап кеткен еді.

    "Өкінішке орай, кейбір көліктерде қаза тапқан адамдар бар", - деді Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте.

    Валенсия өңіріндегі апаттық қызмет өкілдері алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандардың саны 155 адамды құрағанын хабарлады. Алайда құрбандарды анықтау жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.