jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттар бар ма

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінгеннен кейін мамандарыөзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ТЖМ ақпаратынша, Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

    "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

    Сондай-ақ Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

    ТЖМ желісі бойынша қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

    Қала тұрғындарынан "112" желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті

    Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды 8 (7277) 22-60-97.

    Еске салсақ, бүгін Астана уақытымен сағат 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.

    Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.

    Алматыда жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттар бар ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.