Қираған аялдама және сынған терезелер: Астанада қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге түсірді (видео)
Жарияланған күні:

Астанада бүгін, 6 қарашада күндіз ауа райы қолайсыз болды. Астаналықтар әлеуметтік желіде табиғи құбылыстың салдары түсірілген видеоларды жариялап жатыр. Бұған дейін қалада дауыл болады деп ескертілген болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығынан аялдама аударылып қалды.
Ведомствода кешен Нәжімеденов көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне көшірілгенін атап өтілді. Кешен орнатылған кезде жақсы жағдайда болғаны баса айтылды.
"Кешеннің негізі бетонмен құйылды, ол қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етуі керек еді. Ауа райының қолайсыздығына және желдің қатты екпініне байланысты аялдама кешені өзінің тұрақтылығын жоғалтты. Қазіргі уақытта бригада қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына шығып үлгерді", - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ Astanovka_98 Telegram-дағы арнасында қолданушылар қатты желден тағы бір аялдаманың терезелері сынғанын көрсетті.
Astana_brothers Instagram парақшасында видео жарияланды. Кадрлардан ғимарат қасбетінің бір бөлігі тоқтап тұрған көлікке құлап, алдыңғы әйнегі сынғанын көруге болады.
Сонымен қатар астаналықтар 6 және 7 қарашада қатты жел соғатыны туралы СМС-хабарламалар алды. Елорда тұрғындарына көктайғақ туралы да ескертілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2183946-qiragan-aialdama-zhane-syngan-terezeler-astanada-qolaisyz-aua-raiy-turgyndardy-shoshytty-video/