jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалып қойды: адамдар эвакуацияланды

    Ақтөбе облысында жолда тоқтап қалған автобус
    Ақтөбе облысында жолда тоқтап қалған автобус. Фото: ТЖМ

    Ақтөбе облысында полицейлер жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті. Олардың ішінде 56 шетелдік бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы арнасында сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, елімізде ауа райы күрт нашарлап, кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.

    7 қарашада Қалыбай ауылының маңындағы Самара — Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда қалып қойды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болған.

    "Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

    Полиция қызметкерлері тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырды.

    Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалып қойды: адамдар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.