jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында тікұшақ құлады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

    Тікұшақ
    Тікұшақ: ТЖМ

    Ақтөбе облысында тікұшақтың "қатты қонуы" салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл дерекке қатысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды.

    "Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық.

    Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, Ақтөбе облысында тікұшақ құлағаны туралы хабарлаған едік.

    Ақтөбе облысында тікұшақ құлады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.