jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Мысырда Қазақстаннан келген туристер мінген автобус апатқа ұшырады

    Автобус салоны
    Автобус. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде жол апаты болып, салдарынан туристер, соның ішінде қазақстандықтар да зардап шекті. Бұл туралы Мысырдың Cairo24 ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, Рас-Сидрада адамдар мінген автобус аударылып, салдарынан 41 адам зардап шекті.

    Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан Ресей мен Украинадан келген 31 турист, Қазақстаннан үш, Әзірбайжаннан тағы үш турист зардап шеккен. Зардап шеккендердің тағы төртеуі Мысыр азаматтары.

    Оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер анықталып жатыр.

    Толық ақпарат алу үшін NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне хабарласты. Ведомство өкілдері әзірге жауап берген жоқ.

    Айта кетсек, биыл тамыз айында Түркияда туристік автобустың қатысуымен жол апаты болып, адамдар зардап шекті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, автобуста Қазақстан мен Ресей азаматтары болған.

    БАҚ: Мысырда Қазақстаннан келген туристер мінген автобус апатқа ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.