jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Мәскеуге ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалды: Ресей тарабы зардап шеккендер туралы хабарлады

    Шабуыл салдары
    Шабуыл салдары. Видеодан кадр: t.me/ostorozhno_moskva

    Ресейде Мәскеуге қарай ұшқан 32 ұшқышсыз ұшақ жойылды. Ел астанасындағы жаппай шабуылға байланысты әуежайлар жұмысын тоқтатып, адамдар зардап шеккен.

    Мәскеу мэрі Сергей Собянин бүгін өзінің Telegram-арнасында Мәскеуге қарай ұшып бара жатқан, құлатылған ұшқышсыз ұшақтар туралы хабарламаларды бірінен соң бірін жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Домодедово, Раменское және Коломна аудандарында барлығы 32 ұшқышсыз ұшақ жойылды.

    Губернатор Андрей Воробьев өзінің Telegram-арнасында Раменскоеде ұшқышсыз ұшақтар құлағаннан кейін Становое ауылында 2 үй өртенгенін хабарлады.

    "Жарықшақтардан 52 жастағы әйел жарақаттанған, бетін, мойнын және қолын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді – жағдайы орташа, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазды ол.

    Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    "РБК" хабарлауынша, Домодедово және Жуковский әуежайлары рейстерді қабылдауды және жөнелтуді тоқтатты, кейін Шереметьевоға рейстер де шектелді.

    "ТАСС" агенттігінің хабарлауынша, Раменское қалалық округінің Мәскеу маңындағы Софино ауылында екі көлік өртеніп кеткен.

    "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, материал жарияланған кезде Раменское және Жуковский аудандарында ұшқышсыз ұшатын аппараттардың қаупі жойылған.

    Мәскеуге ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалды: Ресей тарабы зардап шеккендер туралы хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.