jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Дәрігер жұмыс кезінде
    Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбе облысында тікұшақ апаты салдарынан зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өткен аптада Ақтөбе облысында төтенше жағдай салдарынан тікұшақ қатты қонып, бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.

    Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасынан KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

    "Пациенттер палатаға ауыстырылды. Жарақатына байланысты жағдайлары орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оларға консервативті ем жүргізілуде", - дейді дәрігерлер.

    Бұған дейін дәрігерлер оқиға салдарынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді.

    Айта кетейік, 9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродромда оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынан жанармай цистерналарында өрт шыққан. Бір адам қаза тапқан тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істейді", - деп хабарлады ІІМ ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.