jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылықтар түнде тағы да жер сілкінісін сезді

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бейсенбі, 28 қарашаға қараған түні Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері сағат 01:31-де тіркелген.

    Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.

    Есептік қарқындылығы Алматы қаласында 2 балды құрады.

    "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

    Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    "Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

    Алматы қаласы ТЖД ақпаратынша, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим саналады.

    Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген болатын.

    Алматылықтар түнде тағы да жер сілкінісін сезді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.