jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде жолаушыға лық толы автобус есігі жабылмаған күйі жүріп кеткен (фото)

    Ақтөбе қаласындағы лық толы автобус
    Лық толы автобус. Видеодан кадр: instagram.com/zello_aktobe_official

    Ақтөбе қаласының тұрғындары есігі ашық күйде "Летный" аялдамасынан жолға шыққан №46 автобусты видеоға түсіріп, алаңдаушылық білдірді. Қазір жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оқиға видеосы Instagram-дағы Zello Aktobe парақшасында жарияланды. Онда жолаушы лық толы автобустың есігі жабылмаған күйде кетіп бара жатқанын көруге болады.

    "46-автобус, "Летный" аялдамасы, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", - деп жазды қала тұрғындарының бірі.

    Бұл жайтқа Ақтөбе облысының ахуалдық орталығы өкілдері түсініктеме берді.

    "Сіздің өтінішіңіз Ақтөбе облысының ахуалдық орталығында тіркелді және уәкілетті ұйымның қарауына жіберілді.

    Оның нәтижелері туралы ақпаратты ахуалдық орталық немесе жауапты орган видео астында түсініктеме ретінде береді", - делінген ресми жауапта.

    Қазір жауапты ұйым бұл жағдайды тексеріп жатыр.

    Ақтөбеде жолаушыға лық толы автобус есігі жабылмаған күйі жүріп кеткен (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.