jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да құтқарушылар аяғы газ баллонына қысылып қалған балаға көмекке келді (видео)

    Баланың аяғы газ баллонына қысылып тұр
    Құтқару сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    ШҚО құтқарушылары ерекше құтқару операциясын жүргізді – сегіз жасар баланың аяғы газ баллонының тұтқасы мен редуктордың ортасына қысылып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқыс жағдай Риддер қаласында болған.

    "Свердлов көшесі бойындағы үйлердің бірінде ТЖМ құтқарушылары сегіз жасар балаға көмекке келді. Ол үйде балаларымен ойнап жүріп аяғын редуктор мен газ баллонының тұтқасының арасына кіргізіп шығара алмаған", - делінген хабарламада.

    Алаңдаған ата-аналар 112 қызметіне жүгінген.

    "ТЖМ қызметкерлері "Holmator" авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты", - деп мәлімдеді төтеншеліктер.

    Құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шекпегенін атап өтті.

    Айта кетейік, елордада кішкентай бала басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, өздігінен шеше алмаған. Балаға ТЖМ құтқарушылары көмекке келген.

    ШҚО-да құтқарушылар аяғы газ баллонына қысылып қалған балаға көмекке келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.