Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылды
Жарияланған күні:

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
112 KZ ақпаратына сүйенсек, оқиға Еңбекші ауданы Әлімбетов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған.
ТЖМ күштері жанып жатқан пәтерден 2 адамды құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Сондай-ақ баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт 12 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қазір төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2197815-shymkentte-kopqabatty-turgyn-uiden-ort-shygyp-eki-adam-qutqaryldy/