jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада тағы қалалық автобус өртенді

    Өрт сөндіруші автобус төбесіндегі өртті сөндіруде
    Өрт. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm/19356

    Бүгін Астанада жол үстінде тағы бір автобустан өрт шықты – маршруттық автобус өртенді. Оқиғаның мән-жайын ТЖМ өкілдері баяндап берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл жайт бүгін Байқоңыр ауданындағы А.Бараев көшесінің бойында болған.

    "Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 9 минут қажет болды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Еске салсақ, 4 желтоқсанда Астанада Министрліктер үйінің жанында қалалық автобус өртенді. Бұл жағдай Есіл ауданы Мәңгілік ел даңғылында болған. Көп ұзамай ТЖМ өкілдері өрт толық сөндірілгенін, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

    Астанада тағы қалалық автобус өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.