jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте полицейлер қарт бауырларды өрттен құтқарды (видео)

    Шымкенттегі өрт
    Шымкенттегі өрт. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

    Шымкентте полицейлер қарт бауырларды өрттен құтқарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Патрульдік инспекторлар Дархан Әшірхан мен Нұржігіт Абдулла түнгі сағат 1:25 шамасында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде шыққан өрт туралы хабарлама алған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына бірер минутта жетіп, еш ойланбастан түтін шығып жатқан ғимаратқа кірген.

    Пәтер ішінде полицейлер есінен танып қалған егде жастағы ер адаммен мен әйелді тауып, оларды көтеріп сыртқа алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Әрі қарай офицерлер келген өрт сөндірушілермен бірге көрші пәтерлердің тұрғындарын эвакуациялады.

    Өз кезегінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел жұмысын атап өтіп, адам өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

    Шымкентте полицейлер қарт бауырларды өрттен құтқарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.