Астанада жеңіл автокөлік отқа оранды (видео)
Опубликовано:

Астанада Төле би және Сығанақ көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік отқа оранды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өртеніп жатқан көліктің видеосы Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жарияланды. Көп ұзамай ТЖМ өкілдері өрт сөндірілгенін хабарлады.
"Бүгін Нұра ауданы Төле би және Сығанақ көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік өртенді. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген 112KZ Telegram-дағы арнасында.
Осы ретте ТЖМ автокөлік иелеріне кеңес берді:
- жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
- автомобильдің техникалық жай-күйін ұдайы қадағалап отырыңыз;
- автомобильдің тұтануының бастапқы кезеңінде өрт сөндіргіштің көмегімен отты жоюға тырысыңыз;
- егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2199231-astanada-zhengil-avtokolik-otqa-orandy-video/