jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді (видео)

    Өртенген автокөлік
    Өртенген автокөлік. Көрнекі сурет: Rick Elkins/Getty Images

    Ақтауда бейсенбі, 12 желтоқсанда жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасындағы мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 29А ықшам ауданында болған.

    Құтқарушылар өртті тез арада сөндіргені атап өтілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, қазір төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

    Төтенше жағдайлар қызметі көліктегі өрттің алдын алу және оқиға кезінде дұрыс әрекет етудің маңыздылығын еске салады.

    Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті көліктерде өрттің жиі шығуына электр сымдарының ақаулары, газ жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі себеп болатынын атап өтті.

    Егер көлікте өрт шықса:

    • Көлікті дереу тоқтатып, барлық жолаушыларды эвакуациялаңыз.
    • "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалыңыз және жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз.
    • Қозғалтқышты өшіріп, аккумуляторды ажыратып, өрт сөндіргішті қолданыңыз.

    Бұған дейін Астанада Төле би және Сығанақ көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік отқа оранғанын жазған болатынбыз. Өртеніп жатқан көліктің видеосы Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жарияланды. Көп ұзамай ТЖМ өкілдері өрт сөндірілгенін хабарлады.

    Дәл сондай жағдай Шымкентте болды - жол бойында автокөлік өртенді. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Ақтауда жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.