jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңнан аса көлік жолда қалды (видео)

    Көліктер
    Көліктер. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңнан аса көлік жолда қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    ІІМ мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

    "Облыс аумағында мыңнан астам көлік жолда қалды. Әсіресе, Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды", - делінген хабарламада.

    Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді. Сондай-ақ Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілді.

    Осы ретте тәртіп сақшылары полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс жолға шықпауға кеңес берді.

    Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңнан аса көлік жолда қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.