jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысындағы әскери бөлімшенің аумағында өрт болды

    Өртке оранған әскери казарма
    Оқиға орны. Видеодан скриншот: gres_big_family

    Алматы облысында әскери казармадан өрт шықты. Отқа оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылында түсірілді деген жазбамен бір қабатты ғимараттың отқа оранған сәтінің видеосы тарады. Автордың айтуынша, оқиға 16 желтоқсан күні болған.

    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт болғанын растады.

    "Алматы облысы ТЖД-ға Іле ауданы Қараой ауылындағы әскери бөлімнің аумағында орналасқан үй-жайдың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысының ТЖД Өрт-зерттеу сынақ зертханасы мен Анықтау бөлімі жұмыс істеуде"- деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

    Алматы облысындағы әскери бөлімшенің аумағында өрт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.