jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтауда қатты желден аялдама қабырғасы құлап қалды

    Ақтаудағы ықшамаудандағы қираған аялдама
    Қираған аялдама. Фото: lada.kz

    Ақтауда екпінді желдің салдарынан 2-шағын аудандағы аялдаманың қабырғасы қирады. Зардап шеккендер жоқ. Жергілікті билік жағдайға шара қолдануға уәде берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аялдаманың құлағанын бірінші болып жергілікті тұрғындар байқап, хабарлаған.

    "Бүгінгі қатты желден кейін аялдама "шашылып" қалды", - дейді тұрғын.

    Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі оқиғаға байланысты тиісті шаралардың қолға алынғанын мәлімдеді.

    "2-шағын аудандағы №145 үйдің жанындағы аялдама 2020 жылы орнатылған. Қазіргі уақытта мердігер компанияға оны қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді. Жақын арада аялдама қайта қалпына келтіріледі", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Ақтау қаласында 5 қараша күні күшті желдің салдарынан кейбір тұрғын үйлердің құрылыс материалдары ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төндіргенін еске саламыз. Сондай-ақ бірнеше аялдаманың шатыры ұшқан. Қатты жел салдарынан Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне түрлі дене жарақатымен 3 адам жеткізілді.

    Ақтауда қатты желден аялдама қабырғасы құлап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.