jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейдің Қазан қаласында дронмен тұрғын үйлерге шабуыл жасалды (видео)

    ТЖМ Өскеменде дрон ұшырып көрді
    Дрон. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Бүгін Ресейдің Қазан қаласында сағат 12:03-те кем дегенде 8 дрон шабуылы тіркелді. Ұшқышсыз ұшақтардың басым көпшілігі тұрғын үйлерге бағытталды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BAZA Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазан аспанындағы дрон шабуылы таңғы 7:50-де басталды. 12:03-тегі жағдай бойынша барлығы 8 ұшқышсыз ұшақтың соққысы тіркелді. Олардың бірі өнеркәсіптік кәсіпорынға шабуыл жасаса, екіншісі өзен үстінде атып түсірілді. Ал 6 дрон тұрғын үйлерге бағытталды.

    "Дрон Камалеев даңғылы, Клара Цеткин, Юкозинская, Хади Такташ, Красная позиция көшелеріндегі ғимараттарға және Орынбор тракт көшесіндегі үйге бағытталды. Ұшқышсыз ұшақтарға қарсы автоматтар қолданылды", - делінген портал материалында.

    Қаладағы ең биік ғимарат Камалеев даңғылындағы Azure Skies тұрғын үй кешеніне бірден екі дрон соғылып, өрт шыққан.

    Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмысшылар эвакуацияланып, қауіпсіз жерлерге орналастырылды.

    Шабуылдың салдарынан демалыс күндері Қазан қаласындағы барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Тұрғындар метро станцияларына паналап, қауіпсіздік шараларын қабылдауға мәжбүр болды.

    Ресейдің Қазан қаласында дронмен тұрғын үйлерге шабуыл жасалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.