Оқыс оқиға

Зектілері

Ақтауда мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар түсті

Жарияланған күні:

Мектеп маңында жиналған өрт сөндірушілер мен полиция
Өрт сөндіруші көлік. Фото: lada.kz

Ақтаудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы полицияға қоңырау түскен. Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

14-ықшамаудандағы №1 орта мектеп маңындағы жағдайды анықтау үшін тұрғындар Lada.kz редакциясына хабарласқан.

Куәгерлердің айтуынша, оқу орнының жанында өрт сөндіру және полиция көліктері жиналған.

Облыстық полиция департаменті мектепке бомба қойылғаны туралы қоңырау түскенін растады. Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мектеп оқушыларының ата-аналары мұндай жағдайда балалардың эвакуацияланбағанына таңданыс білдірген. Журналистер бұл мәселеге қатысты полициядан түсініктеме алмақ болғанымен, ведомство нақты жауап берген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203659-aqtauda-mektepterding-birine-bomba-qoiylgany-turaly-habar-tusti/