Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкентте шыршаның өртенуіне кім кінәлі болуы мүмкін: ТЖМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Шымкентте отқа оранған шырша
Шырша. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдай министрлігінде өткен брифингте комитет басшысы Елдос Зияда Шымкенттегі жаңажылдық шыршаның өртенуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жаңа жыл мерекесі алдында шырша орнатпас бұрын және орнату кезінде ТЖМ қызметкерлері полициямен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп тексеріс жүргізеді. Шымкентте 21 күні өртенген шыршаға келсек, оның орнатылатын орнына қатысты ескерту жасалған.

Онда электр сымының қысқа тұйықталуы болған, бұл желідегі үлкен жүктемеден туындауы мүмкін. Қазір жауапты тұлғалар мен жаза шараларын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бірінші кезекте (кінәлі ретінде-ред.ескертпесі) әрине аталған шыршаны орнатқан мердігер қарастырылып жатыр. Өйткені олар келісімшарт бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек", - деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Елдос Зияда.

Комитет басшысы шыршаға жарықтар мен ойыншықтарды ілмес бұрын ТЖМ қызметкерлері сымдардың қосылуын анықтайтынын, ал бұзушылықтарды жоюда арнайы комиссия қадағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, өткен сенбіде Шымкентте енді орнатылып жатқан шырша өртеніп кете жаздады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203781-shymkentte-shyrshanyng-ortenuine-kim-kinali-boluy-mumkin-tzhm-zhauap-berdi/