jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Олар сол рейспен ұшуы керек еді": БАҚ Ақтау маңына құлаған ұшақтан қалып қойған жолаушылар туралы жазды

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі сурет: Andy Soloman/UCG/Universal Images Group via Getty Images

    Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 25 желтоқсанда таңертең Бакуден Грозныйға ұшатын J2-8243 рейсіне екі жолаушыны қабылдамай қойғаны мәлім болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спутник Тәжікстан" мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Басылым ұшаққа отыра алмаған, бірақ соның арқасында әуе апатынан аман қалған екеудің аты-жөнін жариялады. Олар: Фуркат Хамрокулов пен Рухшона Сидикова.

    Фуркат пен Рухшона Тәжікстанда туған, бірақ кейін азаматтығын ауыстырған. Оларды не себепті ұшақ бортына қабылдамай қойғаны әзірге белгісіз.

    "Спутник Тәжікстан" дерегіне қарағанда, әуе апатынан қаза тапқандар арасында Тәжікстанның екі тумасы да бар. Олар: 1995 жылы туған Зинатулло Сайдуллоев пен 1976 жылы туған Субхонкул Рахимов.

    Соңғы мәліметтерге қарағанда, 25 желтоқсанда Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Embraer 190 бортындағы 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалған.

    "Олар сол рейспен ұшуы керек еді": БАҚ Ақтау маңына құлаған ұшақтан қалып қойған жолаушылар туралы жазды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.