Ақтауға ұшақ апатынан кейін тергеуге қатысу үшін ИКАО өкілі келді
Жарияланған күні:

Ақтауға авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді. Бұл туралы Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы хабарлайды.
"Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласына арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді", - делінген хабарламада.
ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады.
Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2206422-aqtauga-ushaq-apatynan-keiin-tergeuge-qatysu-ushin-ikao-okili-keldi/