jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қарағанды ​облысында құтқарушылар құдыққа құлаған сиырды шығарып алды

    Құдыққа құлаған сиыр
    Құдыққа құлаған сиыр. Фото: Youtube желісіндегі "Анастасия Комякова" қолданушысының видеосы

    Саран қаласында құтқарушылар ашық тұрған құдыққа құлап кеткен сиырды аман алып қалды. Жануар жарақатсыз сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым ақпаратынша, қала тұрғыны құтқарушылардан көмек сұраған. Оның сиыры үйінен алыс емес жерде ашық құдыққа түсіп кеткен болып шықты.

    Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жануарды үш метр тереңдіктен тапты. Құтқару арқандары мен кабельдің көмегімен сиыр жарақатсыз шығарылып, иесіне тапсырылды.

    Құтқарушылар құдықты ағаш қалқанмен жауып, ескерту таспасымен қоршап, жергілікті билікке хабарлаған.

    Айта кетсек, мұндай жағдай шілдеде Шымкенттің Абай ауданында болған. Сол кезде құтқарушылар сиырды шұңқырдан шығарған болатын. Олар жануарды арқанмен байлап, алып шыққан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.