jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Өртке оранған Калифорнияның спутниктен түсірілген фотолары тарады

    Калифорниядағы өрт
    Калифорниядағы өрт. Фото: David Swanson/AFP via Getty Images

    Maxar Technologies компаниясы Оңтүстік Калифорнияның орман өртінен зардап шеккен аудандарының спутниктен түсірілген фотларын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияға сілтеме жасап хабарлайды.

    Фотолар компанияның Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Жарияланған фотосуреттерде апаттың ауқымын, өрттің Лос-Анджелестің көп бөлігін шарпығанын көруге болады.

    "Лос-Анджелес округіндегі Санта-Анада жел күшейіп, өрт сөндірушілер орман өртімен күресіп жатыр. WorldView-3 спутнигі кеше Альтаденаның фото түсіріп алды (Лос-Анджелес аймағы)", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар CNN-нің Малибу мэрі Даг Стюартқа сілтеме жасап хабарлауынша, ауқымды өрт салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті. Соңғысының жеке басы әлі анықталған жоқ.

    "Малибу қаласының атынан мен бұл адамның жақындарына қайғырып көңіл айтқым келеді. Біз қазіргі уақытта көп нәрсені жоғалттық", - деді Стюарт.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.