Оқыс оқиға

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауыты өкілдері жанармай төгілуіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото: atr.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыт өкілдеріні ақпаратынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтіріліп, отынның ағып кетуі жойылды.

Бұған дейін №33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде зақымдану анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді.

"Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады.

"АМӨЗ" ЖШС жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2211186-atyrau-munai-ongdeu-zauyty-okilderi-zhanarmai-togiluine-qatysty-malimdeme-zhasady/