jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қарағандыда өрт шыққан балабақшадан 82 бала эвакуацияланды (видео)

    Эвакуация
    Эвакуация. Фото: t.me/qr_tjm

    Қарағандыда құтқарушылар өртке оранған жекеменшік балабақшадан 82 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды TЖМ Telegram-дағы арнасында.

    Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жертөледе 1 ш.м. алаңда заттар мен электр қалқанының автоматы жанған.

    "Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады.

    Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері болды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады", - делінген хабарламада.

    Өрттің себебі анықталып жатыр.

    ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.