jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана әуежайы рейстердің кешігуіне байланысты мәлімдеме жасады

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Фото: nn-airport.kz

    Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуежайдың Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Құрметті жолаушылар! 2025 жылғы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды.

    Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

    Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, күтілетін 68 рейстің 14-і де кешігуде. Барлық кешігу ауа райы жағдайы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ хабарламада жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алатыны айтылған.

    "Жағдайға түсіністік танытып, өзекті ақпаратты бақылауларыңызды сұраймыз", - деп қосты әуежай өкілдері.

    Астана әуежайы рейстердің кешігуіне байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.