jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "17 жолаушы болған": Қарағанды облысында автобус аударылып қалды

    автобус
    Аударылған автобус. Фото: Telegram/polisia.kz

    Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz арнасына сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау - Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара - Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болған. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Оларды өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жеткізуге атсалысты", - делінген хабарламада.

    "17 жолаушы болған": Қарағанды облысында автобус аударылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.