Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3000 үй газсыз қалды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет
Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл 2 ауылында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан газ құбыры зақымданды, деп хабарлайды Қарасай ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аудан әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында диаметрі 219 мм болатын орташа қысымды газ құбыры зақымданғанын айтады. Осыған байланысты екі елдімекенде үш мың абонентке газ беру тоқтатылды.

Оқиға орнында "АлматыГазсервисХолдинг" ЖШС мамандары және жергілікті атқарушы орган мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп түсінік берді әкімдік өкілдері.

Жазатайым оқиға болғанда не істеу керек

"Электрондық үкімет" сайтында жазатайым оқиға болған жағдайда:

  • зардап шеккендердің жоқ екеніне көз жеткізу керек, егер болса, жедел жәрдем шақырыңыз; апаттық сигнал шамдарын қосу және ескерту үшбұрышын орнату қажет; егер оқиғаның куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек; әкімшілік полиция қызметкерлерін (102 – зардап шеккендер болмаса/112 – бар болса, сақтандыру агенттерін) шақыру керек.
  • Полиция қызметкерлері келгеннен кейін іс материалдары толық рәсімделуі керек:

жол апаты сызбасын құру; оқиға болған жерді қарау хаттамасын; әкімшілік хаттама толтыру; түсініктемелер алу; жүргізушілерді медициналық тексеруге жіберу керек делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2214159-almaty-oblysynda-zhol-kolik-oqigasy-saldarynan-3000-ui-gazsyz-qaldy-video/